RU
Толық нұсқаға өту
Фото: viajar.elperiodico.com

«Шексіз Қазақстан»: Испаниялық танымал журнал елімізге арнайы материал арнады

08.07.2026, 09:38 51

Испанияның VIAJAR туристік журналының шілде айындағы санында Қазақстанға арналған арнайы материал жарық көрді, деп хабарлайды «24KZ».

Басылымда «Шексіз Қазақстан» атты арнайы материал жарияланды.  Басылым еліміздің табиғи әралуандығы мен туристік әлеуетіне назар аударған.

Мақалада Маңғыстаудың шөлдері, Алматы маңындағы Тянь-Шань таулары, Астана төңірегіндегі кең жазықтар мен Каспий теңізі сөз болады.

Шексіз далалардың ортасында орналасқан Орталық Азия алыбы – Қазақстан – көз жетпес кеңістіктер мен ерекше табиғи ландшафттардан құралған ел. Маңғыстаудың шөлдерінен бастап, Алматы маңындағы асқақ Тянь-Шань тауларына дейін, сондай-ақ Астананы қоршаған ұлан-ғайыр орманды жазықтарға дейін созылған алуан түрлі табиғатымен таңғалдырады. Біз әлемдегі жер көлемі бойынша тоғызыншы елдің таңғажайып географиялық қарама-қайшылықтарын зерттейтін әсерлі саяхатқа аттанамыз – Каспий теңізінен аспанға дейін, – деп жазады журнал.

Айта кетейік, VIAJAR – Испанияда шығатын туризм мен саяхатқа маманданған журнал. Басылымда әлемнің түрлі елдері мен туристік бағыттары туралы материалдар тұрақты жарияланып тұрады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz