Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Air Astana-ның Дубай бағытындағы KC205 рейсі кері қайтарылды.
Ол Астанадан таңғы сағат 07-ден 10 кеткенде ұшып шыққан еді. Сондай-ақ бүгін сағат 08:50-ге жоспарланған KC897 Алматы - Дубай рейсі де тоқтатылды. Әуе компаниясының мәліметінше, рейсі тоқтатылған жолаушыларға билетті сатып алған жері арқылы оның толық құны қайтарылады. Air Astana өкілдері рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы қосымша хабарланатынын айтты. Осыған байланысты жолаушылардан рейстерінің мәртебесін алдын ала тексеру сұралады. Себебі тағайындалған әуежайларға ұшу және қону уақыттарына өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Тегтер #Дубай #рейс #24KZ #Иранмен соғыс #Таяу Шығыс #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz