RU
Толық нұсқаға өту

Air Astana Дубайға ұшу кестесін өзгертті

12.07.2026, 22:45 27

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктеріне бағытталған рейстерді шұғыл тоқтатты.

Аймақтағы шиеленіске байланысты әуе компаниясы ұшу кестесін  өзгерткенін мәлімдеді. Бүгін таңертең көкке көтерілген Астана-Дубай рейсі елорда әуежайына кері қайтуға мәжбүр болса, Алматыдан жоспарланған ұшақ мүлдем сапарға шыққан жоқ.  Соңғы мәліметтерге сәйкес, 13 және 14 шілдеге жоспарланған Алматы-Дубай-Алматы бағытындағы рейстер толығымен тоқтатылды.

Сонымен қатар 14 шілде күні елордадан қатынайтын Астана-Дубай-Астана әуе рейстері де сапарға шықпайтын болды. Әуе тасымалдаушысы жолаушыларға билет құнын қайтарып береді. Қазіргі уақытта компания басшылығы Әмірліктер аумағында қалып қойған отандастарымызды елге қауіпсіз жеткізудің балама жолдарын қарастыруда. Жолаушыларға қауіпсіздік шаралары мен ұшу кестесіндегі өзгерістерді жіті қадағалап отыру ескертілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz