RU
Толық нұсқаға өту

Домбыраны ұшаққа алып кіру тәртібі жеңілдеді

20.07.2026, 13:46 111

Домбыраны ұшаққа алып кіру тәртібі едәуір жеңілдеді.

Авиация саласындағы жаңа өзгеріске сәйкес, енді салмағы 10 келіден аспайтын музыкалық аспапты отандық әуе компанияларының бортына қол жүгі ретінде алып кіруге рұқсат етіледі. Авиация комитеті өкілінің сөзінше, мұндай жаңашылдық ұлттық аспапқа қатысты азаматтардан келіп түскен арыз-шағымның көптігінен енгізіліп отыр. Ал ұшып қону барысында аспапқа әуе компаниялары қызметкерлері тарапынан нұқсан келсе, оның өтемақысы да толықтай компания есебінен өтеледі.

Заңғар Байғазы, ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы:

«Музыкалық аспаптар бойынша қазіргі таңда өзгерістер енгізіліп жатыр. Қол жүгі ретінде есептеледі. Мысалы, домбыраны 110×35×30 см-ден аспауы қажет габариттері және 10 кг-нан аспайтын жағдайда қол жүгі ретінде алып кіре беруге болады. Сонымен қатар қазіргі таңда маршрут пен жолаушыны өзгертпей, үш таңбаға дейінгі қатені тегін түзету жеке құжаттарда. Басымдық осы өзгерістерге беріліп отыр.

Бұдан бөлек бортқа отырғызу барысында кәмелетке толмаған балаларға, мүгедектігі бар адамдарға, жүкті әйелдерге және ауыр науқастарға басымдық беріліп, жүріп тұруы қиын мүмкіндігі шектеулі азаматтарға отандық әуе компаниялары билеттеріне 50 пайыз жеңілдіктер енгізіледі. Бұған қоса жануарларды ұшақ салонында тасымалдау мүмкіндіктері кеңейтіліп, рейс кешіктірілген жағдайда айыппұлды төлеу мерзімі де нақтыланды. Енді әуе компаниялары өтініш берілген сәттен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде айыпұлын өтеуі тиіс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz