Енді алматылықтар үйлерінің маңындағы ақылы тұрақтарды тегін пайдалана алады.
Ол үшін қажетті құжаттарды «Алматы паркинг» ресми сайты немесе e-Otinish платформасы арқылы тапсыру қажет. Бастысы өтініш берушінің жеке көлігі болуы керек. Содан кейін тұрғын үйден 500 метр радиуста орналасқан ақылы тұрақты таңдауға болады. Бір адам тек бір көлік құралын тіркей алады. Бірақ жүргізуші тұрақтағы бос орындарды ғана пайдаланады. Нақты бір орынды алдын ала таңдап, өзіне бекітуге болмайды.
Ернар Баденов, көлік инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы:
- Бір адамға бір көлік тұрағы береледі тегін. Ал егер де оның туысы тұрғысы келсе ол жерге, ол үй иесінің ресми келісімі қажет болады. Нақты орын белгіленбейді, бос болған орынға қоя алады және ол үйдің маңында 500 метр радиуста орналасқан болуы қажет.
Тегтер #Алматы #үйлер #ақылы тұрақ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz