Енді елге кіріп шыққысы келген қазақстандықтар
әуежай мен шекара бекеттерінде ұзынсонар кезекке тұрып, уақытын жоғалтпайды.
Бұл мақсатта 2028 жылға дейін Q-Gate деп аталатын 200-ге жуық биометриялық терминал орнатылмақ. Жаңа жүйе жолаушылардың жеке деректерін 50 секундқа жетпей анықтайды. Бұл бұрынғы тексеру әдісінен 4-5 есе жылдам. Мәселен осыған дейін 200 адамнан тұратын рейсті тексеруге жарты сағат кетсе, енді бұл жұмыстар бар болғаны 7 минут уақытты алады. Қазір мұндай терминалдың елімізде 54-і орнатылған.
Тегтер #өткізу бекеті #тексеріс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz