RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ЖИ арқылы жасалған

Қырғызстанда шетелдіктер үшін жаңа тәртіп енгізілді

09.09.2026, 17:37 40

Қырғызстанда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың ел аумағында болу тәртібі өзгерді. Жаңа талаптар Қазақстан азаматтарына да қатысты, деп хабарлайды 24KZ.

Тиісті қаулыға Қырғызстан Министрлер кабинеті 2026 жылғы 7 қыркүйекте қол қойған.

Жаңа ережеге сәйкес, елде болу мерзімін асырып жіберген шетелдік азаматқа қайта кіруге шектеу қойылады. Оның мерзімі визасыз болуға рұқсат етілген уақытқа тең болады.

Шетел азаматтарының Қырғызстанда болған күндері TMEBT автоматтандырылған жүйесі арқылы есептеледі. Бұл ретте елден шыққан күн ретінде шетелдіктің алдыңғы болу мерзімі аяқталған күн есепке алынады.

Қырғызстан азаматтарының шетелдік жұбайлары мен кәмелетке толмаған балалары елде болудың белгіленген мерзімін асырып жіберсе, мәртебесін заңдастыру үшін елге бір рет 30 жұмыс күніне қайта кіруге мүмкіндік беріледі. Ол үшін туыстық байланысын құжатпен растауы қажет.

Сонымен қатар Қырғызстан аумағында белгіленген мерзімнен артық болған шетелдік азамат тұруға ықтиярхат алу үшін өтініш бере алады. Бұл рәсім сыртқы көші-қон саласындағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

Айта кетейік, Қырғызстанда визасыз режим қолданылатын елдердің азаматтарын тіркеудің жаңа тәртібі 2024 жылдың қыркүйегінен бері қолданыста.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz