RU
Толық нұсқаға өту

Онлайн несие рәсімдеуге жаңа талап енгізіледі

30.09.2026, 13:00 42

1 қазаннан бастап қазақстандықтар кейбір онлайн несиелерді рәсімдеу кезінде арнайы сауалнамаға жауап береді.

Оның мақсаты азаматтың қарызды өз еркімен алып отырғанын және алаяқтардың ықпалына түспегенін анықтау. Жаңа талаптар банктер мен микроқаржы ұйымдарына қатысты. Қарыз шартын жасамас бұрын қаржы ұйымы енді азаматтарға сауалнама жүргізеді. Онда азаматтан несиені кімнің ұсынысымен алып отырғаны, қаражаттың қандай мақсатқа қажет екені және оған басқа адамның қысым көрсетіп жатқаны сұралады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz