Елде Республика күніне орай сауда орындарында мерекелік жеңілдіктер басталды.
Republic Day және Bereke Fest науқанына ел бойынша 649 сауда нысаны қосылған. Оның 232-сі ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері болса, 417-сі- бөлшек сауда дүкендері. Акция 27 қазанға дейін жалғасады. Тұтынушылар азық-түлік пен күнделікті қажетті тауарларды жеңілдетілген бағамен сатып ала алады. Жекелеген өнімдерге берілетін жеңілдік 50 пайызға дейін жетеді. Ауқымды шараға Астана мен Алматыдағы ірі сауда орталықтары және сауда желілері қатысып отыр. Науқанды Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастырды.
Тегтер #республика күні #Bereke fest #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz