RU
Толық нұсқаға өту

«Аңсаған сәби»: жыл басынан бері 3 мың әйелге ЭКҰ жасалды

20.06.2024, 12:38 1201

Жалпы бұл бағдарламаның иглігін көріп отырған отбасылар аз емес.

Мәселен бес айда 3 мыңға жуық әйелге жасанды ұрықтандыру жасалған. Соңғы жылдары осы жолмен балалы болғысы келетіндер көбейіп келеді. Жұбайларға үміт сыйлаған жоба аясында бас-аяғы 21 мың әйелге көмек көрсетілді. Квота алған 8 мың әйел бала көтерген. Нәтижесінде 7 мыңнан аса шаңырақта сәбидің үні естілді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 29 мың әйел бедеу есебінде тұр. Оның қатарын азайту үшін Президент квота санын 7 есе көбейтуді тапсырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz