Түркістан облысында жекеменшік балабақшада астан уланып қалған балалар ауруханада жатыр.
Дәрігерлердің жіті бақылауында. Осыған дейін де Келес ауданында 34 баланың астан ұшынғанын айтқан едік. Ал жағдай 24 маусым күні таңғы астан кейін болған. Сол кезде 2-3 жасар кішкентайлар бірінен соң бірі құсып, бастары айналған. Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік белгілері байқалған. Балабақша қызметкерлері бірден дәрігер шақыртып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.
Ауруханаға жеткізілген тәрбиеленушілердің 15-не алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылған. Қалған 19 баланың үшеуі жансақтау бөліміне, 16 бүлдіршін жұқпалы аурулар бөлімшесіне түскен.
Енді осы балалардың денсаулығын білмекке Келес аудандық ауруханасы Бас дәрігерінің орынбасары Бекарыс Есенбековпен байланысқа шықтық.
Бекарыс Есенбеков, Келес аудандық ауруханасының Бас дәрігерінің орынбасары:
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz