Атырау облысында өндірістік жарақат дерегін жасырған дәрігерлер анықталды.
Осылайша Мақат аудандық ауруханасының қызметкерлері 13 жазатайым оқиғадан зардап шеккен жұмыскерлерді тиісті өтемақысынан айырған. Сонымен қатар жұмыс берушінің кінәсін анықтау үшін еңбек инспекциясы ешқандай тергеу жүргізбеген. Осындай олқылықтар аудандық прокуратура жасаған кешенді тексеріс кезінде белгілі болды.
Ерлан Кәкиев, Мақат ауданы прокурорының міндетін атқарушы:
- Аудан прокурорының қаулысы негізінде аурухана әкімшілігі құқықбұзушылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бүгінгі күнде сол тексеріс нәтижесімен 30-дан аса заңбұзушылық фактісі анықталып, 17 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz