RU
Толық нұсқаға өту

Медициналық қызметтердің бірыңғай пакетін дайындау тапсырылды

03.09.2024, 17:15 1264

Медициналық қызметтердің бірыңғай пакетін  жыл соңына дейін әзірлеу қажет. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында осындай тапсырма берді.

Денсаулық сақтау министрлігі тиісті заңнамаға түзетулер енгізіп, оның биыл қабылдануын қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ Денсаулық сақтау және білім беру саласына жеке инвестициялар тарту қажеттілігі айтылды. Ұлттық экономика министрлігі Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Жоғары білім министрліктерімен бірлесіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін пайдалану жобасын әзірлеу міндеті қойылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz