RU
Толық нұсқаға өту

Елде бір аптада 171 мың адам ЖРВИ жұқтырған

11.10.2024, 09:38 1401

Бір аптада 171 532 адам жедел респираторлық вирус жұқтырған.

Ал жыл басынан бері 544 мың науқас анықталған. Дегенмен бұл былтырға қарағанда 27 пайызға аз. Бас-аяғы жылына 4-5 млн қазақстандық осы вирусты жұқтырса, 2 мың адам тұмау тиіп ауырады. Бұл жайлы бас санитар Сархат Бейсенова баяндады.

Сархат Бейсенова, ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша болжамға сәйкес  алдағы эпидемиялық маусымда тұмаудың 3 штамы өзекті болады. Олар 2024-2025 эпидемиялық маусымға арналған вакцинаға енгізілген. Ағымдағы жылы бюджет қаражатынан Ресейде өндірілген грипо + вакцинаның 2 207 000 дозасы сатып алынды. Бұл халқымыздың 11% қамтуға мүмкіндік береді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz