RU
Толық нұсқаға өту

Елде 1,8 млн науқас дәрі-дәрмекпен қамтылды

12.12.2024, 07:50 1100

Биыл елде 1,8 млн науқас амбулаторлық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды 24KZ. Оған 226 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Оның басым бөлігі – тегін медициналық көмектің кепілдендірілген түрі, қалғаны міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне тиесілі.

Медициналық ұйымдар келер жылға қажетті дәрі-дәрмек пен бұйымдардың 83%-ін сатып алған. Қазір Бірыңғай дистрибьютордың қоймасына негізгі тауарлар жеткізіліп жатыр. Алдағы қаңтар айынан бастап медициналық ұйымдар сатып алу жүйесінің электронды форматына көшіріледі. Бұл әдіс саладағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін қажет.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz