RU
Толық нұсқаға өту

Елде туберкулезге шалдығу дерегі 18,7 есе кеміді

24.02.2025, 07:32 824

Елде туберкулезге қарсы күрес айлығы басталды.

Осы айлық барысында емханаларда фтизиатр және фтизиопедиатрлар тұрғындарды қабылдайды.

Сондай-ақ жаппай флюорографиялық тексеруден өткізу, басқа да алдын алу шаралары жоспарланған. 

Жалпы жыл сайынғы профилактикалық іс-шаралар нәтижесін көрсетіп келеді. Өйткені туберкулезбен ауыратындар саны кеміді. Мәселен, 20 жылда туберкулезді жұқтыру деңгейі – 4,6 есе, өлім жағдайы 18,7 есе төмендеді. Ал биылғы қаңтар айында туберкулезге шалдыққандар былтырғы кезеңмен салыстырғанда 14 пайызға жуық төмендеді. Дегенмен құрт ауруынан ада-күде арыла алмай келеміз. Кейінгі бір айдың өзінде 500-ден астам адам ауру жұқтырды. 

Туберкулез статистикасы

Ауруды жұқтыру 4,6 есе кеміді

Өлім деңгейі 18,7 есе азайды

Қаңтар айында 13,81% төмендеді

519 адам ауруға шалдықты

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz