RU
Толық нұсқаға өту

Елде «Аналар саулығы» бағдарламасы әзірленді

27.02.2025, 22:46 598

Елде 230 мыңнан астам адам онкологиялық есепте тұр, деп хабарлайды 24kz.

Әсіресе, сүт безі, өкпе, асқазан және жатыр мойны обыры кең тараған. Аты жаман аурудың алдын алу бағытында министрлік кешенді жұмыстарды қолға алды. Былтыр онологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 5 өңірде 6 жаңа желілік үдеткіші іске қосылды. Осылайша, сәулелік терапиямен қамту көрсеткіші 41%-ке дейін ұлғайды. Өңірлік онкологиялық орталықтардың базасында жаңадан 15 сараптамалық эндоскопиялық орталық ашылды. Сондай-ақ Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының ауруханаларында оңалту курстары жұмыс істеп тұр. Министрлік әйелдердің денсаулығын нығайту, перинаталдық нәтижелерді жақсарту, жүктілікті жоспарлауға бағытталған «Аналар саулығы» арнайы бағдарламасын бекітті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz