Елде сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау мүмкіндігі пайда болады, деп хабарлайды 24kz.
Оған жасанды интеллект көмектеседі. Жыл соңына дейін пилоттық жоба елдегі онкологиялық диспансерлерге енгізіледі. Отандық ғалымдардың өнертабысы Астана IT-университеті қабырғасында жүзеге асып жатыр. Ғылыми ізденіс саланы кешенді дамытудың жоспары аясында қаржыландырылды. Алайда, бұл – медицина бағытындағы жалғыз жоба емес. Бұған қоса, бұлшықет сигналдарын автоматты түрде тану мүмкіндігі бар бионикалық білек протез әзірленген. Профессор Бейбіт Әбдікеновтың айтуынша, өнім келер жылы сынақтан өткізіледі
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz