RU
Толық нұсқаға өту

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысында медицина нысандары салынады

25.03.2025, 11:21 832

Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады.

Президент тапсырмасына сәйкес, Үкімет бұл бағытқа Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Барлығы 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт пайдалануға беріледі. Бұл мекемелер әр ауысымда 400-ден астам науқасты қабылдай алады. Жобалар ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын жақсартуға жол ашады.

4 дәрігерлік амбулатория

5 фельдшерлік-акушерлік пункт

1 медициналық пункт

бөлінген қаражат - ₸1,7 млрд     

Әсел Қалдыбаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- 2025 жылы 10 медициналық нысанды аяқтау жоспарлануда. Оның ішінде 8 нысан бойынша 50% құрылыс жұмыстары аяқталды. Бұл енді жоба бойынша ауылдық медицинаны жаңарту болғандықтан ең бірінші - қолжетімді медицина, ауылдағы тұрғындарға барлығы қолжетімді, жаңа медициналық стандарттарға сәйкес көмек көрсету.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz