Жетісу облысында Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай жергілікті бюджеттен 600 млн теңге бөлінді.
Соғыс және тыл еңбеккерлеріне бір реттік қаржылай көмек көрсетіледі. Шипажайға жолдама беріледі. Осындай қамқорлықпен қатар аймақтағы ардагерлерге, тұрақты түрде тегін дәрі-дәрмек бөлу қарастырылған. Ем-дом шараларын өз үйінде алуға да мүмкіндік бар.
Балшекер Тайжанова еңбекке ерте араласты. Ұзақ жыл бойы қант қызылшасы шаруашылығымен айналысты. Кейін жолдасымен бірге мал бағып, сиыр да сауды. Қолға алған шаруасын ұршықша иіріп, озат қызметкер атанғанды. 1984 жылы еңбек ардагері атағын иеленді.
Балшекер Тайжанова, тыл ардагері:
- Еңбек. Еңбектің арқасында осы хәлге жетіп отырмын. Мен айтам балаларға жақсы оқыңдар жақсы тәрбие алыңдар. Өсіп өніңдер. Оқысаңдар ештеңеден қор болмайсыңдар деп айтып отырам. Немере шөберелеріме. Еңбек істе. Ұрлық жасамаңдар. Жақсы тәрбие алыңдар. Біреудің ала жібін аттамаңдар. Оны да айтып отырамын.
Жеті бала өсіріп, немере шөберелерінің қызығын көріп отырған әже Ескелді ауданының Жетісу ауылында тұрады. Еңбек ардагерінің үйіне медицина қызметкерлері жылына үш-төрт рет келеді. Осы жолы невропотолог, хирург пен аудандық емхананың бас дәрігері арнайы барып, хал жағдайын сұрап, кеңес айтты.
Саят Қанатұлы, аудандық емхананың меңгерушісі:
- Апамызда тізе буындары көбінесе мазалап жүр. Баланың жетектеуімен жүред. Соған байланысты хирургпен сұхбаттасып, тізе буындарын ренгенге түсіріп біздің травмотологқа көрсетуді ұйғарып отырмыз. Невропотолог өз тарапынан қарауын жасап, ары қарай өз рекомендациясын беріп кетті.
Елімізде соғыс және тыл еңбек ардагеріне тегін ем-дом шаралары қарастырылған. Мемлекет тарапынан түрлі көмек көрсетіледі.
Ермек Мизамбаев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:
- Бізде Ұлы Отан соғысына қатысқан үш азаматымыз қалды. Әрқайсысына 5 млн теңгеден бір реттік төлем төленді. Одан бөлек 1700 тылда қызмет еткен азаматтарымыз бар. Әрқайсысына 100 мың теңгеден қаржы қарастырылады. Одан бөлек ардагерлеріміздің жесірлері бар. сол азаматтарға көмек көрсетіледі.
Мемлекет қамқорлығы мұнымен шектелмейді. Ардагерлерге жылына бір рет шипажайға жолдама беріледі. Биылдан бастап, олар өзі таңдаған орталыққа барып, сауықтыру шарасынан өтіп қайтады.
Шыңғыс Қалиден, Олжас Байбосынов
Тегтер #Жетісу #ардагер #медицина #24KZ #Қазақстан жаңалықтары #Жеңіс күніPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz