Семейде пациенттерді қолдау орталығы ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Мекеме жедел медициналық жәрдем ауруханасында орналасады. Мұнда науқастар мен олардың жақындарына құқықтық көмек беріледі.
Қазір жедел медициналық жәрдем ауруханасына жылына 40 мыңнан аса адам келеді. «Ал орталық бөлімшелер арасындағы жұмысты үйлестіруге септігін тигізеді», – дейді дәрігерлер.
Әділет Қамбарбаев, медициналық сапа бақылау бөлімінің меңгерушісі:
- Пациенттерді қолдау орталығы адамдар көп жиылатын орында, регистратура, қабылдау бөлімінің жанында болуы керек. Яғни бұл орталық қоғам мен медицина арасындағы сенімді артады. Сарапшы дәрігерлер, психолог дәрігерлер сияқты пациенттерге нақты ақпарат беретін мамандар отырады.
Тегтер #Семей #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz