Алматыда өткен VIII Халықаралық ревматологтар конгресінде ревматология, пульмонология, дерматология, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы 35 жетекші шетелдік және отандық сарапшы мен жас ғалымдар клиникалық кейстерді бөлісті, деп хабарлайды 24KZ. Ресми статистикаға сүйенсек, елде бір миллионға жуық адам ревматологиялық сырқатқа шалдыққан. «Әсіресе дерт короновирустан кейін көптеп анықталып жатыр», – дейді мамандар.
Буын, бүйрек, тері, ми, қан тамырларын зақымдайтын ауру бұрын мүгедектікке әкелетін. «Алайда қазір ауруды емдеп, ұзақ өмір сүруге мүмкіндік бар», – дейді мамандар. Әрі елімізде науқастар жаңа гендік-инженерлік биологиялық препараттармен тегін емделе алады. Бұл ретте шетелдік мамандар жаңартылған халықаралық клиникалық әдістерді ұсынды.
Ғалымжан Тоғызбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас ревматологы:
- Қазір жаңадан шығып жатқан дәрі-дәрмектер бар, ауруды тоқтататын әдістер бар, ауруды анықтайтын, солардың барлығын Қазақстанға енгізіп жатырмыз. Үкіметтің шешімімен біз қазір республикалық деңгейде және өңірлерде ревматологиялық орталықтарды ашып жатырмыз. Бұл енді бүкіл Қазақсанды қамтитын үлкен жұмыс атқарылып жатыр деген сөз.
Тегтер #денсаулық сақтау #24KZ #Қазақстан жаңалықтарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz