RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда репродуктивті медицинада ЖИ мүмкіндіктері қолданыла бастады

18.04.2025, 16:15 793

Қазақстандық репродуктологтар қолдан ұрықтандыруда жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдана бастады, деп хабарлайды 24kz.

Алматыда жаңадан ашылған «Экомед» клиникасының заманауи ғимараты ЭКО әдістерін жаңа деңгейге көтеруге арналған озық технологиялармен жабдықталған.

«Бұл технологиялар ұрықтандыру табыстылығын арттыруға көмектеседі», - дейді клиниканың негізін қалаушы, репродуктивті медицина саласындағы белгілі маман Салтанат Байқошқарова. Биыл жұмысын бастағанына 30 жыл толған «Экомед» клиникасы – еліміздегі репродуктивті медицина саласындағы жетекші мекемелердің бірі. Алғашқыда шағын зертхана ретінде құрылған мекеменің бүгінде Қазақстанның 12 қаласында 14 бөлімшесі жұмыс істейді. Клиниканың жоғары білікті мамандары жыл сайын үш мыңға жуық сәбидің дүниеге келуіне көмектеседі. «Экомед» клиникасы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Аңсаған сәби» ұлттық жобасы аясында да белсенді жұмыс атқаруда. Бұл бағдарлама бедеулік мәселесіне тап болған жұптарға тегін ЭКО жасау мүмкіндігін береді. Бүгін клиниканың жаңа ғимаратының алдында ерекше маңызы бар нысан «Аңсаған сәби» мүсіні ашылды. Бұл мүсін сәби аңсап жүрген әр отбасыға үміт, сенім және рухани демеу сыйлайды.

Салтанат Байқошқарова, «Экомед» клиникалар тобының негізін қалаушы, репродуктолог-эмбриолог:

- Дүниежүзінде ең жоғарғы қандай технология бар барлығы, осының ішінде жасанды интеллект бар құрылғылар бар. Инкубаторлар бар. Барлығы осы жоғары нитиже алу үшін бізге келген перзентті болғысы келетін отбасыларға дені сау баланы дүниеге алып келуге мүмкіндіктің бәрін жасағанбыз. Бұл жерде мықты эмбриология, генетика басқа да салалар барлығы осы жерде шоғырланған.

Асқар Дәуітов, пациент:

- Біздің отбасымыз да осы клиниканың арқасында үш балалы болдық. Осындай бақыт әр отбасына тілеймін. Сәби күтіп жүрген отбасыларға. Қуанышымыз шексіз, алғыс, ризашылығымызды білдіріп келіп отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz