RU
Толық нұсқаға өту

Елордада Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы ашылды

25.04.2025, 15:45 611

Астанада Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусы ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Салтанатты рәсім «Елдегі онкологиялық көмектің жаңа белестері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтті. Оған Президенттің көмекшісі Тамара Дүйсенова және 29 елден келген жетекші онколог-дәрігерлер мен ғалымдар қатысты.

Жетекші мамандарды біріктірген шарада қатерлі ісікті диагностикалау, емдеу және алдын алу, сондай-ақ тәжірибе жүзіндегі цифрлық шешімдер талқыланды. Бүгінде Үкіметтің қабылдаған онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары сәтті іске асып жатыр. Құжат Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленіп, онкологиялық қызметті кешенді жаңғыртуға бағытталған.

Тамара Дүйсенова, ҚР Президентінің көмекшісі:

- Ол тек қана бір әлеуметтік санаттағы азаматтардың немесе бір регионның немесе бір мемлекеттің пороблемасы емес, қазір жаһандық проблемаға айналып отыр. Сондықтан сіздер барлығыңыз осындай алаңда жиналып, пікір алмасып, бір-бірлеріңізбен тәжірибе бөлісетін және жақсы бір нәтижелі болады деген үлкен сенімдемін.

Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусында 210 төсек-орны бар. Ол күніне 500 науқасты қабылдауға қауқарлы. Нысан аумағы 60 мың шаршы метрге жетеді. Орталық құрылымына халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестелген ауа тазарту мен радиоактивті қалдықтарды жою жүйелерімен жабдықталған радионуклидтік терапия бөлімі кіреді. Ал ең маңыздысы, мұндағы медициналық жабдықтардың бәрі соңғы үлгіде жасалған. «Тіпті мұндағы аппараттың бірқатары Орталық Азияда жоқ», – дейді мамандар.

Әділбек Мұқажанов, Ұлттық ғылыми онкология орталығы басқарма төрағасының орынбасары:

- Науқастар бұл орталықта диагностикаға, емдеуге толық қамтамасыз етіледі. Бізде орталықта КТ, МРТ, эндоскопиялық, ультрадыбыстық аппараттар, оның бәрі заманауи жабдықталған. Сәулелік терапия жасайтын аппарат орнатылған. Соның ішінде «Ethos» деген аппарат. Басқалардан ерекшелігі жасанды интеллект бар құрамында.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz