RU
Толық нұсқаға өту

2029 жылға қарай дәрі-дәрмектің отандық өндірісі 50% артады

25.04.2025, 17:30 962

Алдағы төрт жылда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың отандық өндірісі 50%-ке дейін артады. Қазір Үкімет бұл мақсатта бизнес ахуалды жақсарту бойынша жұмысты күшейтіп отыр.  

Осы және денсаулық сақтау саласын дамыту мен фармацевтика өндірісін локализациялау мәселелесі бүгін Премьер-министрдің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында айтылды.    Оған АҚШ, Еуропалық Одақ пен Канада елшіліктерінің өкілдері және бірқатар халықаралық компанияның өңірлік директорлары қатысты. Олжас Бектенов алғы сөзінде Мемлекет басшысының салаға қатысты қойған міндеттерін атап өтті. Қазір елде ұлт денсаулығын, әсіресе елді мекендер мен алғашқы көмек көрсетуді нығайтуға баса назар аударылып отыр. Бүгінге дейін «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 467 медициналық нысан салынған. Енді аудандардағы көпсалалы ауруханаларды жаңғырту жұмыстарына ден қойылмақ. Бұған қоса амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтуды цифрландыру, ауруды диагностикалау үшін жасанды интеллект технологиясын енгізу көзделді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz