Алматыда туберкулезбен және оның дәріге төзімді түрлерімен күресу жөніндегі өңірлік семинар басталды, деп хабарлайды 24KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдары туберкулезге қарсы жаңартылған нұсқаулық дайындаған. Жетілдірілген тәсіл бұл дертті жедел анықтап, емдеу кезеңін жарты жылға дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 11 елден келген дәрігерлер семинарда осы саладағы тың әдістерді талдап, тәжірибе алмасады.
Орталық Азияда қазақ дәрігерлерінің жетістігіне өзге мамандар қызығушылық танытып отыр. Нақтырақ айтсақ, елімізде туберкулез заманауи тәсілмен 2 сағатта анықталады. «Емдеу кезеңінде мемлекеттік қолдау жоғары», – дейді мамандар. Нәтиже де жаман емес. Соңғы алты жылда елде туберкулезге шалдығу көрсеткіші 27% төмендеген. Бұл індеттен болатын өлім-жітім де азайған.
Мәлік Әденов, ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры:
- Көп науқас ауруханадан шыққаннан кейін әрі қарай емін амбулаториялық жағдайда жалғастырады. Соған мемлекеттік әкімшіліктер тарапынан әлеуметтік көмек көрсетіледі. Былтырғы есептің санымен санасақ, 98% біздің науқастарымыз амбулаториялық жағдайда емделіп жатқан кезде сондай көмек көрсетілген. Жалпы көрсеткілген көмектің мөлшері 2,4 млрд теңге.
Тегтер #Алматы #туберкулез #өлім жітім #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz