RU
Толық нұсқаға өту

СҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 193 сәби дүниеге келді

13.05.2025, 07:30 616

Солтүстік Қазақстан облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы жүзеге асқалы 193 сәби дүниеге келді. Оның 30-ы егіз.

Қолдан ұрықтандыру қызметі мемлекет есебінен тегін жасалды. Сонымен қатар ЭКО орталықты таңдау мүмкіндігі ата-аналардың өз еркінде. Денсаулық сақтау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, арнайы құрылған аймақтық комиссия бірінші кезекте шалғай елді мекендерден келген әйелдердің өтінішін қарайды. 

Елена Калюжная, Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы:

- Солтүстік Қазақстан облысына «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша 777 квота бөлінді. Олар толық көлемде игерілді. Мемлекеттің бұл бағыттағы қолдауы мұқтаж жұптардың алғаш рет ата-ана атануына мүмкіндік берді. Енді бұл жоба тоқтайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz