Жатыр мойыны обыры еліміздегі әйелдер арасында белең алып бара жатқан онкологиялық аурулардың бірі.
Статистикаға сәйкес, қазір сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Ал мамандар бұл кеселдің алдын алатын жалғыз ем вакцина екенін айтып отыр. Сондықтан елімізде былтырғы қыркүйектен бастап 11 жастан асқан қыз балаларға екпе егіле бастады. Адам папиломасы вирусына қарсы вакциананы жасөспірім жаста салдырған тиімді дейді, мамандар.
Нұршай Әзімбаева, ҚР ДСМ Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы:
- Былтыр Ұлттық иммундық күнтізбеге жатыр мойны обырының және қатерлі ісіктің басқа да түрлерінің қоздырғышы болып табылатын АПВ қарсы вакцинация енгізілген болатын. Елімізде жатыр мойны обыры барлық жастағы әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші орында және фертильді, яғни, 25-44 жас аралығындағы әйелдердің сүт безі обырынан кейінгі өлімнің екінші себебі болып табылып отыр.
Қауіптісі сол, «аты жаман» дерт білдірмей дендейді. Яғни, бастапқыда ешқандай симптомдар байқалмайды. Дәрігерлер мұны ерте анықтау үшін кез-келген әйел скринингтен уақытылы өтуі қажеттігін айтады. Скрининг ел азаматтарына тегін. Мысалы, 30-70 жас аралығындағы әйелдер әр 4 жыл сайын жатыр мойнын арнайы тексеруі тиіс. Бұл дерт ерте анықталған жағдайда емдеуге көнеді. Мәселен, соңғы жылдары осы скринингтік бағдарламаның арқасында аурудың асқынуы біршама азайған.
Шәкизат Халықова, ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің басқарама басшысы:
- Денсаулық сақтау әйел саулығын қалыптастыру мақсатында «Аналар саулығы» бағдарламасын жасадық. Осы бағдарлама аясында біріншіден жасөспірімдердің денсаулығын нығайту, екіншіден босану жасындағы әйелдердің профилактьикалық тексеруден өткізу дер кезінде әртүрлі аурудың алдын алу дайындық бойынша насихат жүргізу. Жүктілікті жоспарлау дені сау әйелдің өмірге дені сау сәби әкелуін қамтамасыз ету.
Жалпы әр ана өз денсаулығын ерекше күткені абзал. Ғалымдар кез-келген аурудың алдын алуға болатынын айтады. Ол үшін қарапайым ғана дұрыс тамақтану, спорт және иммундық жүйені күшейту жеткілікті. Бұл инфекциялардан қорғануға көмектеседі. Ал дүниеге сау бала әкелу үшін әуелі ананың денсаулығы мығым болуы қажет.
Жанна Нұрберген, АМУ академик Е.Д. Дәленов атындағы профилактикалық медицина ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері
- Зерттеулерге қарайтын болсақ мысалы Америка ғалымдары жақында аутизммен ауыратын балалардың аналарын жинап анализдерін зерттеп тексерген. Барлығында жүкті кезде анемия болған. Бұл тек темір тапшылығы емес, ол біздің миымызға оттегі дұрыс тасымалданбай жатыр. Гипоксия болып жатыр деген сөз. Сондла анаға жетпеген оттегі балаға қайдан жетеді. Яғни барлық ауруды қазбалап негізгі себебін жоятын болсақ, кез келген ауруды жеңуге болады.
Айта кетейік, елімізде республикалық репродуктивті денсаулық апталығы басталды. Мақсат – жастарға ерте жастағы жүктіліктің алдын алу мен жұқпалы аурулардың қауіптілігін түсіндіру. Денсаулық сақтау министрлігінің зерттеунше, инфекция белгілері бар жастардың 60%-дан астамы медициналық көмекке жүгінбейді. Денсаулық апталығы осы мәселелер жайлы жастарды ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Айнұр Қуатқызы, Жандос Битабаров
Тегтер #жатыр мойыны #обыр #Қазақстан #әйел #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz