Солтүстік Қазақстан облысында 6-сынып оқушысынан туберкулездің ашық түрі анықталды, деп хабарлайды 24KZ. Қазір ол білім алатын Новоишимское ауылындағы орта мектептің еңбек ұжымы мен балалар жаппай медициналық тексерістен өтіп жатыр.
Санитар мамандардың айтуынша, онымен қарым-қатынаста болғанмыңнан аса адам бақылауға алынды. Ал науқастың өзі облыстық диспенсерде жатыр. Белгілі болғандай, ол бұған дейін де туберкулезбен ауырып, толық емделіп шыққан. Қазір оның тұрғылықты жері мен білім ордасында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Мектеп жұмысын тоқтатқан жоқ.
Айнагүл Сұрағанова, Білім басқармасының басшысы:
- Бүгінгі күні барлық эпидемиологиялық қауіпсіздік шаралары жасалып жатыр. 6-сынып оқушылары бірден тексерістен өткізілді, арнайы мамандар келіп. Бүгінгі күні сабақтар бір кабинетте өтіп жатыр. Жалпы барлық шара жасалған. Бүгінгі қашықтан оқытуға балаларды ауыстыру үшін негіз жоқ.
Тегтер #СҚО #туберкулез #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz