Бүгін Астанада аяқ және тобық буыны хирургтерінің қазақстандық қауымдастығы ашылды.
Бірлестік отандық медицина тарихында бұрын соңды болмаған. Жетекші мамандарды біріктірген жаңа ұйым елімізде аяқ және тобық хирургиясын дамытуға, озық медициналық технологияларды енгізуге жол ашады. Ресми дерекке сұйенсек, бүгінгі таңда жылына 2500-ден астам қазақстандық табан ауруынан зардап шегеді екен. Оның басым бөлігі ота жасауды қажет етеді. Бас қалада өткен қауымдастықтың алғашқы отырысына Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының басшысы, медицина ғылымдарының докторлары мен халықаралық деңгейдегі жетекші мамандар арнайы шақыртылған. Жиында ұйымның жаңа мүшелер қабылданып, оларға куәлік пен төсбелгі табыс етілді.
Ерсін Жүнісов, халықаралық травматология және ортопедия ғылыми орталығының директоры:
- Бұл қауымдастықтың мақсаты - әлемдік технологияларды осы біздің Қазақстанға енгізіп ары қарай жүргізу емес, ғалымдардың шығарып жатқан ғылыми жаңалықтарын практикаға енгізуге мүмкіндік береді. Пациенттердің диагностикасын ерте анықтау, болдырмау жолдарын осыны қауымдастық ұйымдастырады.
Тегтер #хирург #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz