RU
Толық нұсқаға өту

Міндетті медсақтандыру: медицина мекемелері жұмсаған қаражаты туралы есеп беретін болады

21.05.2025, 13:41 356

МӘМС жүйесі: медициналық мекемелер жұмсалған қаражат жайлы ақпарат беруге міндеттеледі.

Лицензиясыз жұмыс істеген медициналық мекемелер қатаң қадағалауға алынады. Бұрын заңсыз қызмет еткен ұйымдар айыппұл төлеп құтылса, енді олардың қызметі шектеледі. Мәжіліс бүгін МӘМС жүйесімен жұмыс істейтіндерге қатысты өзгерістерді қамтитын заңды мақұлдады. Құжатқа сәйкес Медициналық ұйымдар МӘМС жүйесіндегі қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты жариялауға міндеттеледі. Демек, жүйе аясында қанша ақша алғаны, қанша бөлігін игергенін ашық көрсетуі тіис. Құжатта қамтылған тағы бір мәселе іс жүзінде жасалмаған ем домға қатысты. Енді медициналық мекеме қағазда қызмет көрсетілді деп жазып, ал іс жүзінде ем жүргізілмесе сол қызметке бөлінген ақшаны қайтаруға тиіс болады. Мәжіліс қабырғасында брифингке шыққан Депутат Бақытжан Базарбек МӘМС жүйесіне қатысты былық көп екенін айтты. Оның сөзінше, Мәжіліс бүгін МӘМС жүйесіне қатысты революциялық шешімдер қабылдады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz