Елде осы бағытта алғаш рет митохондрияны алмастыру терапиясы клиникалық сынақтан өтеді.
Бұл технология 40 жастан асып кеткен әйелдердің жүкті болу мүмкіндігін арттырады. Зерттеу жұмыстары Қазақстанның тумасы, қазір америкада тұратын жетекші генетик Шухрат Миталиповпен бірлесіп жасалады.
Бұл туралы Алматыда өткен «Жас және репродукция» симпозиумында айтылды. Іс-шараға ТМД және АҚШ-тан сарапшылар келді. Репродуктолог дәрігер Вячеслав Локшиннің айтуынша, жаңа зерттеуге қажет құрал-жабдықтар дайын. Клиникалық сынаққа қатысушылар да келісімін берген. Бұл терапия бірнеше рет экстра-корпоральды ұрықтандыру операциясын жасатып, бірақ онысы сәтсіз болған әйелдерге арналады.
Вячеслав Локшин, репродуктивті медицина қауымдастығының президенті:
- Қазақстандағы репродуктивті медицина әлемдік ғылыммен, дүниежүзілік денсаулық сақтау жүйесімен қатар дамып келелі. Бізде білікті мамандар қажетті құрал-жабдықтар да бар. Сөзімнің дәлелі. Бізге өзге елден келіп емделіп жатады. Митохондриялық алмастыру терапиясы талай отбасын шаттыққа бөлейді деп сенемін.
Салтанат Байқошқарова, биология ғылымдарының докторы, репродуктолог:
- Әйелде 1 айда жүкті болу мүмкіндігі 40 жаста бар болғаны 5 пайыз ғана. Ал ЭКО әдісімен қолданған кезде әрі кетсе 10-15 пайыз. Негізі әйелде ер адамда 35 жасқа дейін балалы болып негізгі функциясын атқару керек. Бірақ бәрі-бір тағы қайталайтын нәрсе қаншама керемет инновация жасасақта адамның денесінен өз ұрығы шықпаса, өз ұрығы таусылған болса немесе өзгерген болса неше түрлі генетикалық өзгерістер болатын болса олармен жұмыс істеу өте күрделі.
Тегтер #Қазақстан #репродуктология #ЭКО #24KZ #сәбиPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz