RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен амбулатория ашылды

20.06.2025, 14:20 493

Жамбыл облысында мемлекетке қайтарылған активтердің есебінен 18 әлеуметтік және коммуналдық нысан салынып жатыр.

 Оның 15-і ауыз су қондырғылары, қалғаны медициналық мекемелер. Заманауи құрылғылармен жабдықталған дәрігерлік амбулатория Қордай ауданындағы Үлкен-Сұлутөр ауылында ашылды. Мекеме 1,5 мыңға тарта ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Нариман Торабеков, Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі:

- Прокуратура органдары тарапынан заңсыз шығарылған активтерді қайтару бағытында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар аясында біздің өңірде әлеуметтік маңызды инфрақұрылымды дамыту бойынша шаралар қабылданды. Бұл амбулатория елімізде пайдалануға берілген алғашқы нысандардың бірі болып табылады. Оның ашылуына дейін ауыл тұрғындарына 1959 жылы салынған ескі ғимаратта қызмет көрсетілген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz