Биыл сәуірде Жамбыл облысында екі адам антибиотиктік инъекциядан кейін көз жұмды. Осыдан кейін өңірдегі медициналық мекемелерде ауқымды тексеріс жүргізілді.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша көптеген кабинет тиісті лицензиясыз қызмет көрсеткен. Сондай-ақ мерзімі өткен дәрі-дәрмекті қолданып, сақтау ережелерін бұзған. Мәселен, бір ғана процедуралық кабинетке 90 рет жедел жәрдем шақырылғаны анықталды. Екі ай ішінде 133 жеке процедуралық кабинет тексеріліп, 93-і жабылды.
Айгүл Балғабаева, ҚР ДСМ Медициналық және ФБК Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы:
- Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 38 нысанда 47 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 10 млн-нан астам теңгеге айыппұл салынды. Оның ішінде медициналық қызметті заңсыз жүзеге асыру бойынша 32 айыппұл. Сомасы 2,5 млн теңгеден асады. Ал фармацевтикалық қызметті бұзу бойынша 15 айыппұл, сомасы 7 млн-нан асады.
Тегтер #Жамбыл облысы #медициналық мекеме #фармацевтика #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz