Биыл медициналық жоғары оқу орындарын 11 мыңнан астам түлек тәмамдайды.
Олардың үштен екісі өңірлерде кадр тапшылығын өтеу мақсатында жергілікті ұйымдарға жіберіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев хабарлады. Министрліктің мәліметінше, жыл сайын медициналық білім беру бойынша 5 мың мемлекеттік грант бөлінеді. Биыл резидентура және балалар дәрігерлеріне деген сұранысқа байланысты 14 жаңа мамандық енгізу жоспарланған.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:
- Медициналық білім беру сапасын арттыру мақсатында ақылы негізде қабылдауды барынша азайтып, мемлекеттік грант құнын арттыру көзделген. Сонымен қатар министрлік тарапынан елді мекендер мен амбулаториялы-емханалық деңгейде жұмыс істейтін түлектерге арналған жеке интернатуралық бағдарламалар әзірленіп жатыр.
Тегтер #медицина #тапшылық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz