RU
Толық нұсқаға өту

Ерте жүктілік – өткір мәселе

30.06.2025, 19:21 506

Елде ерте жүктілік мәселесі әлі де өзекті.

Қазақстандық жасөспірімдер орта есеппен 16,5 жасынан бастап жыныстық қатынасқа түседі. Бұл туралы "Amanat" партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі кеңес отырысында Мәжіліс депутаты Айна Мысырәлімова мәлімдеді. Оның ұсынған дерегіне сәйкес, қатынасқа түскен жасөспірімдердің шамамен 17 пайызы кемінде бір рет жүкті болған. Алайда былтыр 15 пен 18 жас аралығындағы бойжеткендер арасындағы жүктілік деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 11 пайызға төмендеген. Десек те, маман бұл көрсеткіштің өзі алаңдатарлық жағдай екенін тілге тиек етті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz