Алматыда АҚШ-тан келген хирургтар жағы мен беті жарақаттанған балалар мен ересектерге тегін операция жасады, деп хабарлайды 24KZ. Оны жергілікті дәрігерлер ғана емес, басқа өңірлердің мамандары да бақылады. Олар үшін тікелей бейнетрансляция ұйымдастырылды.
Сонымен қатар қалалық №5 клиникалық аурухана базасында бет-жақ хирургиясы бойынша шеберлік сабақтары өтті. Шетелдік дәрігерлердің сапарын Солтүстік Америкадағы Қазақстан мәдени-бизнес қауымдастығы ұйымдастырды. Ал шеберлік сабағын Пенсильвания университетінің медицина ғылымдарының докторы Даррин Хьюберт басқарады. Оның айтуынша, мамандар теріні ауыстырып салу арқылы туа біткен немесе жүре пайда болған жарақатты қалпына келтіреді.
Даррин Хьюберт, хирург дәрігер:
- Біз туа біткен және жүре пайда болған ақаулары бар науқастарға операция жасадық. Сондай-ақ әріптестерімізбен қалпына келтірудің күрделі әдістері бойынша тәжірибемізді бөлістік. Солардың бірі – науқастың өз терісін қолдану. Бұл әдісте тін дененің бір бөлігінен алынып, екінші бөлігіне ауыстырылады.
Қарғаш Байбекова, емделуші:
- Мен осы ауруханаға келіп, 6-шы рет ота болып жатыр. 2023 жылы ДТП болды. Мына екі көзім бірдей қалпына келмей, бірнеше рет ота жасалды. Кеше жасалды, енді, бұйырса, осы соңғысы болса деп ойлаймын. Отам сәтті болды деп күтемін. Келген дәрігерлер де сәтті өтті деп айтып жатыр. Ол кісілерге алғысым шексіз.
Тегтер #АҚШ дәрігерлері #Алматы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz