Жамбыл облысындағы ауруханаларды реконструкциялауға арнаулы мемлекеттік қордан 2,4 миллиард теңге бөлінді.
Қаржы елге қайтарылған активтер есебінен алынды. Енді «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Меркі және Талас аудандарындағы көпбейінді орталық ауруханалар қайта жаңғыртылады. Бұған дейін Қордай мен Таластағы 2 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы іске асқан еді. Қазір Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға арналған жобалар жүзеге асып жатыр.
Тегтер #Заң мен тәртіп #Жамбыл облысы #ауруханалар
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz