RU
Толық нұсқаға өту

«Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды

05.08.2025, 13:13 415

Елде «Аналар саулығы» бағдарламасы іске қосылды.

Ал оның аясындағы зерттеулер мен әйелдерді жүктілікке дайындау жұмыстарына 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі айтты. Сөзіне сүйенсек, қазір ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі артып жатыр. Мәселен, жуырда алғаш рет «феталды медицина» инновациялық технологиясы енгізіліп, оның көмегімен жатырішілік 71 операция жасалған. Нәтижесінде мамандар 96 нәрестенің өмірін аман алып қалған. Сондай-ақ қазір шалғайдағы ерекше күтімді қажет ететін әйелдер үшін «Саламатты Ана» пансионаттары ашылып жатыр. Онда жүкті әйелдерді емдеп, қиын босанудан кейінгі кезеңде оңалту жұмыстары жүргізіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz