2026 жылға қарай тағы 1 миллионнан астам адам МӘМС жүйесімен қамтылады.
Халықты жүйеге барынша тарту мақсатында әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін жарналарды жергілікті атқарушы органдардың төлеу тетігі енгізіледі. Үкімет осы бағытта атқарылған жұмысты пысықтап, алдағы жоспармен бөлісті. Сонымен енді әділ жарна жүйесін енгізу іске асады. Жеңілдігі бар санаттағы 11 млн азаматқа мемлекет жарнасының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру көзделген. Осылайша 2030 жылға қарай қаржыландыру көлемін 289 млрд теңгеге дейін ұлғайтпақ. Ал 2027 жылдан бастап мемлекет кепілдік беретін тегін медициналық көмек көлемі мен МӘМС пакеті арасындағы нақты айырмашылықты белгілейтін бірыңғай пакет енгізіледі.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Осы заң бойынша МӘМС пен тегін медицицналық кепілдендірілген көмек көлемінің ара жігі нақты бөлінетін болады. Сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға тегін онкологиялық скринингтер мен ең көп таралған және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша скринингтер қолжетімді болады. Онкологиялық, жүрек-қан тамырлары ауруралын ерте анықтауға арналған скринингтердің жаңа түрлері енгізілуде. Ер адамдарға жаңа скрининг түрі енгізілді.
Тегтер #МӘМС жүйесі #адам #Денсаулық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz