Елде емханаға тіркелу науқаны өтіп жатыр.
Азаматтар тікелей емханаға барып немесе eGov порталы арқылы тіркеле алады. Тұрғындарға 700-ге жуық медициналық орталық қызмет көрсетеді. Айта кеткен жөн, бір дәрігерге тіркелген науқастардың саны 1700-ден аспауы керек. Мамандар сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайға жақын амбулаторияны таңдауға кеңес береді. Емханаға тіркелуін eGov порталынан немесе iKomek 109 қолдау қызметі арқылы тексеуге болады.
Тегтер #емхана #тіркеу #науқан #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz