RU
Толық нұсқаға өту

Өңірлерде тұмауға қарсы вакцина егу басталды

25.09.2025, 18:22 511

Қыркүйек басталғалы елде жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған 293 мыңнан астам адам тіркелді.

Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда бір жарым есе төмен. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы осылай деп, тұрғындарды эпидмаусымда абай болуға шақырды. Сархат Бейсенованың айтуынша, қазір жұқпалы аурулардың алдын алу үшін өңірлерде екпе егу науқаны басталды.

Сархат Бейсенова, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы:

- Енді-енді маусым басталып жатыр. Сондықтан мектептер мен балабақшаларда профилактикалық жұмыстары желдету, маска кию деп отырмыз. Сондықтан қазір профилактика бойынша екпе басталып жатыр. 11 өңірде егу жұмыстары басталды. 9 өңірде бірінші қазанға дейін профилактика басталады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz