Аға ұрпаққа қамқорлық жасау, өмір сүру сапасын жақсарту,
бос уақытын жүйелі ұйымдастыру, ішкі шығармашылық әлеуетін іске асыру және оларды қоғамға тарту - мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары "бір терезе" қағидаты бойынша "денсаулық мәдениеті" және "қоғаммен байланыс" бағыттарында жұмыс істейді. Бүгінде елде осындай 130-ға жуық орталық бар. Оның тең жартысы ауылдық жерлерде. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы екі тоқсанында 116 мыңнан астам қызмет алушыға шамамен 650 мың түрлі қызмет көрсетіліп, 3 мыңға тарта іс-шара өткізілді. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде егде жастағы белсенді азаматтардың саны артып, денсаулығы мен психоэмоционалдық мәртебесі жақсарған.
Гүлмира Жәкенқызы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі департаментінің басқарма басшысы:
- Жергілікті бюджеттен орталықтарды қаржыландыру себебінен әкімдіктерден 7,5 млрд теңгедей ақша бөлінді. Ата-әжелеріміз үйде отырып қалмай, тек немере бағып ғана қоймай, жалпы қоғамда бір-бірімен араласып, бірге уақытын өткізіп, осындай қызметтерді белсенді өмір сүру орталықтарында алып жатыр.
Тегтер #Қазақстан #белсенді ұзақ өмір сұру орталығы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz