Қазақстандықтар енді онкоскринингтен ақысыз өте алады.
Бұл қызмет түрі кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті аясында қолжетімді болады. Бұған дейін МӘМС талап етілетін. Енді азаматтардың сақтандыру мәртебесі қаралмайды.
Артериялы гипертония мен жүрек ауруын, қант диабетін, глаукома, сүт безі обырын ерте анықтау үшін 40-тан 76 жасқа дейінгі тұрғындар тексерілуі қажет. Жатыр мойнының қатерлі ісігі бойынша 30-дан 74 жасқа дейінгілер қаралады. Тоқ ішек обыры мен ми-қан айналымы бұзылыстарын ерте анықтау үшін 50-ден 76 жасқа дейінгі азаматтар тексеріледі. Сонымен қатар В және С вирустық гепатиті бойынша медициналық қызметкерлер, жүкті әйелдер, операция жасататын және басқа да бірқатар науқастар профилактикалық шаралармен қамтылады. Скринингтен өту үшін әр адам тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелген емханахаға баруы қажет.
Скринингтен өту науқаны
артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы - 40–76 жас
қант диабеті - 40-76 жас
глаукома - 40-76 жас
сүт безі обыры - 40–76 жас
жатыр мойыны обыры - 30-74 жас
тоқ ішек обыры - 50-76 жас
ми қан айналымының бұзылыстары - 50–76 жас
В және С вирустық гепатиті - медициналық қызметкерлер, операцияға жататын науқастар, жүкті әйелдер, т.б.
Тегтер #Қазақстан #Онкоскрининг #МӘМС #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz