RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО дәрігерлері тыныс алу жолдарындағы қатерлі ісікті жаңа әдіспен емдейді

03.10.2025, 08:16 370

Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері тыныс алу жолдарындағы қатерлі ісікті жаңа әдіспен емдеп жатыр.

Онкологтар сәулелік терапия кезінде сау жерлерге зиян келтірмей, ісіктің өзіне тікелей әсер ететін тәсілді пайдаланады. Жергілікті мамандар Белорусь елінің дәрігерлерімен бірлескен операция жасап, шеберлік сағатына қатысты.

Емдеу кезінде сәулені  ісікке дәл бағыттау үшін, науқас демін ұстап тұруы керек.  Облыстық онкология және хирургия орталығының дәрігерлері осы арқылы ракты  емдеудің жаңа әдісін қолданып жатыр. «Бұл жерде науқастың жағдайы мен талдау қорытындылары мұқият ескеріледі.

Ұлдана Тәжідинова, облыстық онкология және хирургия орталығының радиациялық онкологы:

- Жаңа технология сәулені ісіктің дәл өзіне бағыттайды. Бұл сау ағзаларға зиян тигізбеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауруды асқындырмайды. 

Бұл емнен кейінгі оңалу уақыты да екі есе қысқартады. Қазақстандық онкологтар осындай әдісті  Минскіде өткен шеберлік операцияларынан үйреніп келді. Енді олар роботтандырылған аппараттарды меңгеріп жатыр.

Гауһар Аңдыбаева, облыстық онкология және хирургия орталығының физика-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:

- Бізде 56D роботталған үстелі бар. Ол ем кезінде науқастың бастапқы қалпынан ауытқулар болған жағдайда өздігімен түзетулер енгізеді. Сонымен қатар тыныс алуын бақылауға арналған арнайы құрылғыларды қолданамыз. 

Айта кету керек, мұндай жоғары деңгейдегі сәулелік терапия ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда тегін жүргізіледі. 

Наталья Сагачёва, қала тұрғыны:

- Ресейде бұл ем ақылы жасалады. Шамамен 400 мың рубль тұрады. Ал бізде тегін. Бұл науқастар үшін үлкен көмек.

Қазақстанда онкологияны ерте диагностикалау әдістері де жетілдірілді. Қазір қатерлі ісік ауруларының 40 пайызы нөлдік немесе бастапқы кезеңде анықталады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz