RU
Толық нұсқаға өту

МӘМС жүйесі қайта қаралады

07.10.2025, 15:21 395

Келер жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтар жергілікті бюджет есебінен Медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылады. Сондай-ақ 1 млн-нан астам сақтандырылмаған азаматтар ем алуға мүмкіндік алады.

Шерхан Абзалұлы, тілші:

 - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғалы ақ халаттылардың жалақысы артып, медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарған. Осылай деп баяндама жасаған еліміздің бас дәрігері қоғамның жиі талқысына түсетін МӘМС-тің нәтижесіне тоқталды. Ақмарал Әлназарованың айтуынша, соңғы жеті  жылда бір адамға арналған медициналық қаржы көлемі 98 мың теңгеден 258 мың теңгеге дейін, яғни,  2,6 есе көбейіпті. Ал медицина қызметкерлерінің орташа жалақысы шамамен 2,5 есе, оның ішінде дәрігерлердің жалақысы 2,8 есеге артқан. Бұл дегеніміз 159 мың теңгеден 442 мың теңгеге дейін ұлғайды деген сөз. Сан салаға серпін берген жасанды интеллект жүйесі енді медицинада басқа бағытта да қолданылатын болады.

Ақылды жүйе қаржының тиімді жұмсалуына, дәрәгерлердің жұмысын жеңілдетуге айтарлықтай көмегін тигізбек.

 Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық министрі:

 - Жасанды интеллект технологиялары қазірдің өзінде отандық клиникаларда инсульт, өкпе, сүт безі обыры және пневмонияны анықтау үшін КТ, МРТ және рентген суреттерін талдау кезінде белсенді қолданылады. Бірқатар медициналық ұйымда дәрігерлерге тексеру нәтижелерін жылдам талдауға көмектесетін ЖИ-көмекшілер жұмыс істей бастады. Жасанды интеллект дәрігерді алмастырмайтынын, керісінше оның мүмкіндіктерін күшейтетінін, медицинаны барлық азаматтар үшін заманауи әрі қолжетімді ететінін атап өткен жөн.

Дегенмен, медициналық қызмет көрсету саласына қатысты мәселенің бары жасырын емес. Халық тарапынан шағымның көп екенін жауаптылардың өзі мойындайды. Сол үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз жұмысын түбегейлі өзгертуге кірісті. Алдымен медициналық қызметтердің сапасын бақылау жүйесі толық цифрландырылды. Бұл заңбұзушылықты төрт есе азайтып, жалған деректерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Тағы бір маңызды жаңалық – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы іске қосылды. Енді әр пациент өзі алған медициналық қызметке көңілі толатынын не толмайтынын осында жазып, қалдырады. 

 Айдын Құлсейітов, “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ басқарма төрағасы:

 - Егер бұрын бұзушылықтардың жартысынан көбін сарапшылар қолмен жазып алса, енді негізгі бөлігін ақпараттық жүйе анықтайды. Алғаш рет автоматты режимде жалған тіркееу фактілері анықталуда. 

 Үкімет отырысында Олжас Бектенов Медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін қайта қарауды тапсырды. Өйткені бір сөзбен түсіні қиын деп баға берді. 

 

 

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz