RU
Толық нұсқаға өту

Елімізге ем іздеп келетін жандар көбейді

07.10.2025, 18:00 980

Қазақстанға ем іздеп келетін шетелдіктер көбейген.

Ел экономикасының әлеуетін әлдендіретін туризмнің тетігі көп. Соның бірі - медициналық туризм. Мамандар еліміз Орталық Азиядағы негізгі денсаулық сақтау хабына айналуға қауқарлы деп отыр. Себебі мұндағы 9 медициналық ұйым саланың ең үздік халықаралық JCI аккредиттеуін алған. Жоғары талапқа сай табылатын медициналық мекеменің жетеуі Астанада, екеуі Алматы қаласында орналасқан. Сонымен біздің елге қай елдің азаматтары дертіне дауа іздеп келеді?

Медициналық туризмді дамытсақ, қазынаға тәп-тәуір қаржы әкелетін сала. Бұл бағыт тек денсаулық сақтау жүйесін нығайтумен шектелмейді.  Халықаралық имиджді қалыптастыратын жоғары әлеуетке ие. Мамандар осылай деп отыр.  Елімізге ауруына шипа іздеп келетін туристердің саны жыл санап артқан.  Мәселен, бүгінге дейін 80 мыңдай адам қазақстаннан ем-дом алып қайтқан.

Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бұл көрсеткіш едәуір өсті былтырғы жылдармен салыстырғанда. Кейбір бағыттар бойынша біз халықаралық деңгейге дейін жеттік. Оның ішінде мысалы кардиохирургиялық операцияларға, нейрохирургиялық операцияларға келуде сонымен стоматологиялық қызметтердің бағасы мен шетелден келетін азаматтарға өте қолайлы болып табылуда. Сонымен қатар экстрокорпорлаьдык ұрықтандыру да үлкен сұранысқа ие. 

Еліміздегі халықаралық JCI дәрежесін алған 9 медициналық ұйымның бірі Астанадағы нейрохирургия орталығы.  Мұндағы дәрігерлер де медициналық туризмнің тамырына қан жүгіртіп отыр. Бұған дейін орталықта 500-ден астам өзге ел азаматы ауруынан айығыпты. 

Айдос Құрманақынов, нейрохирург-дәрігер:

- Ұлттық нейрохирургия орталығына алыс-жақын елден науқастар келіп емделіп жатыр. Емдерін алып кетіп жатыр. Жақында ЖИСИАЙ халықаралық аккредитациясынан сәтті өттік. Бұның барлығы біздің нейрохирургия орталығының жетістігі. 

Жақында бұл мәселені Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау да көтеріп, Үкіметке депутаттық сауал жолдаған еді. 

Отандық медицинаны алға сүйрейтін саланың бірі екенін алға тартқан. Сондықтан Медициналық туризм саласындағы Бірыңғай оператор құру ұсынысын ортаға тастады. 

Нұргүл Тау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Атап айтқанда, елдегі медициналық ұйымдар мен туристтік операторлардың арасындағы өзара әрекеттестік жоқтың қасы. Мәселен, медициналық мекемелер туристтік-бизнеске бейімделмегендіктен туристтерге билеттерді сатып алу, тұрмыстық жағдайды ұйымдастыру сияқты қосымша қызметтерді сапалы түрде бере алмайды. Өйткені бұл туристік ұйымдардың құзырында. Сол себептен, клиникалар мен медициналық туристерге сауатты қолдау көрсете алатын Медициналық туризм саласындағы Бірыңғай операторды құру қажет деп ойлаймын. 

Мамандар Астананың медициналық туризмді дамытуға әлеуеті зор екенін айтып отыр. Яғни мұндағы заманауи орталықтар халықаралық стандарттарға сай жабдықталған. Әрі баға мен сапа тартымды. Қызмет құны Еуропа, Түркия не АҚШ-пен салыстырғанда әлдеқайда төмен, дейді. Мәселен былтыр Астанаға 4500-ға жуық шетелдік келіп емделіпті. 

Базарбек Қамысбаев, Туризмді дамыту орталығы медициналық туризм департаментінің директоры:

- Мысалы, біздің елімізде нақты мед туризм туралы норма қалыптаспаған. Яғни заңды түрде норматиывтік құқықтық актілерде жеке заң жоқ. Медициналық туризмді жүйелі дамытуға кедергі болып отыр. 

Осылайша мамандар медициналық туризмді дамытуға сеп болатын арнайы заң қажет деп отыр. Әйтпесе елімізді Орталық Азиядағы жетекші медициналық хабқа айналдыруға толық мүмкіндік бар, дейді. 

Айнұр Қуатқызы, Бағдат Қайыркен

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz