RU
Толық нұсқаға өту

Жасанды ұрықтандыру қанша тұрады?

13.10.2025, 13:50 431

Репродуктивті технологиялар дамыған соңғы 30 жылда елімізге 50 мемлекеттің азаматы келген. Сала мамандарының сөзінше, отандық клиникалар ең жоғары деңгейде қызмет көрсетеді. 

Ал бағасы салыстырмалы түрде өте арзан. Қазақстанда экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасы 1 млн 200 мың теңгеден басталады. Бұл үш мың долларға да жетпейді. Ал Еуропа елдерінде және АҚШ-та бұл процедураның бағасы бірнеше есе қымбат. Ашық дереккөздерге сүйенсек, Германияда экстракорпоральды ұрықтандыру – жеті мың доллар, Израильде – сегіз мың доллар, ал АҚШ-та – 12 мың доллардан басталады. Сонымен қатар Қазақстан заңнамасы донорлық жасушаларды пайдалануға мүмкіндік береді. 

Егер биоматериалды криоконсервациялау технологиясын қолдансаңыз, қарапайым тілмен айтқанда "ертерек қатырып, сақтап қойсаңыз", эмбрионды жатырға тасымалдау бес есе арзан болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz