RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда эпидахуал тұрақты

10.11.2025, 14:00 416

Қазақстанда соңғы 2 айда 1,2 миллионнан астам адам жедел респираторлық-вирустық инфекциясын жұқтырды.

Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19% - ға төмен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр. Ведомство ақпарынша, індеттің ілмегіне іліккендердің 66 пайызы - балалар. Маусым басталғаннан бері А типті тұмаудың 300 жағдайы зертханалық талдауда расталған. Мұнымен қоса тұмауға қарсы емес вирустарға 1456 лабораториялық зерттеу жүргізіліп, 30% -ында оң нәтиже алынған. Көбінесе риновирус, паратұмау, бокавирус анықталып отыр. Еліміздің стационарларында 7 222 инфекциялық төсек - орын әзірленген. Оның 39%-ы қазір жұмыс істеп тұр. 2 793 науқастың ішінде 2500-ға жуығы ЖРВИ-мен тағы 360-ы пневмониямен  емдеуге жатқызылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz