RU
Толық нұсқаға өту

Дәрі-дәрмек бағасына бақылау күшейеді

11.11.2025, 19:21 389

Дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу қажет.

Үкімет отырысында Премьер-министр жауаптыларға осындай міндет жүктеді. Олжас Бектенов Үкімет отандық фармацевтика өндірушілеріне жүйелі түрде қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Десе де, дәрілерді дер кезінде жеткізуге қатысты мәселелер, әсіресе жыл басында жиі туындайды. Премьер-министр осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Халықтың арыз-шағымдарына жедел жауап беру керектігін де атап өтті.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

- Дәрілерді дер кезінде жеткізуге қатысты мәселелер бар. Логистика мен сатып алу рәсімдерінің созылып кетуі салаға кері әсерін тиігзеді. Ал көптеген науқас дәрі-дәрмекті үзбей, кестеге сай қабылдауы тиіс. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты күшейту керек. Қазір нақты уақыт режимінде дәрі-дәрмектің бар-жоғын тұрақты бақылап, есепке алуға мүмкіндік беретін тұрақты жүйе енгізіліп жатыр. Дәріханаларда рецепт бойынша берілген дәрілердің тиісті сапада және қолжетімді бағада міндетті түрде болуын қамтамасыз ететін жүйені жолға қою қажет. Халық тарапынан келіп түсетін арыз-шағымдарға жедел жауап беру қажет. Біздің міндетіміз денсаулық сақтау саласын барынша ашық, әділетті және ең бастысы, әрбір азамат үшін қолжетімді ету.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz